Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Туған ел, берерім көп менің саған...

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы негізінде маусым айының 15-і күні мектебімізде «Туған ел, берерім көп менің саған...» тақырыбында облыстық деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл дөңгелек үстел отырысына Петропавл қаласындағы "Әл-Фараби" мектеп-лицейінен, аудан орталығындағы мектептерден делегациялар қатысты. Жұмысымызға негізгі мұрындық болған да осы Петропавл қаласынан шыққан этнографиялық экспедиция болды. Олар осы "Туған жер" бағдарламасы және "100 жаңа есім" жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына саяхатқа шығыпты. Негізгі мақсаттары: туған өлкемізді зерттеп, оның ерекшеліктерін, табиғатын, тарихи ескерткіштерін, танымал адамдарын зерттеп тану. «Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп Елбасымыз атап айтқандай, әр азамат өз туған жерін жете білгені абзал. Біздің Айыртау өңірі де тарих пен шежіреге қойны толған, табиғаты талайды тамсандырған, ақындар мен серілер әнге қосқан киелі өңір. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз келген қонақтарға біздің ауданымыз жайлы жан-жақты материал дайындап, өңірімізді толық таныстырып өтуге тырысты.
     
    29.06.2017
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки