Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Мектебімізде мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырауы мен аттестат табыстау рәсімі өтті.

    Бүгін мектебімізде мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырауы мен аттестат табыстау рәсімі өтті.
    Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
    Сендер үшін бүгінгі күн – ерекше! Бүгін сендер алтын ұя мектептеріңмен, аяулы ұстаздарыңмен қоштасасыңдар. Мектеп қабырғасындағы күміс қоңырау үнін соңғы рет естисіңдер.
    2019-2020 оқу жылының ерекшелігі – 4 тоқсанды қашықтықтан оқыған кезең. Бұл – қазақстандық білім беру жүйесінің тарихындағы алғашқы қашықтықтан оқу жағдайы. Әйтсе де, Білім және ғылым министрлігі биылғы түлектерімізге мектеппен қоштасу мүмкіндігін туғызып отыр. Сол себепті мен мектеп түлектерін соңғы қоңырау салтанатымен құттықтаймын. Әрқайсыңның мектеп үшін, ұстаздар үшін орындарың бөлек. Мектеп тарихында үздік білімдеріңмен, үлгілі тәртіптеріңмен, жан-жақтылықтарыңмен, өнерлеріңмен аттарың қалатыны сөзсіз. Біреулерің аудандық, облыстық олимпиадада, әртүрлі байқауларда білім шыңын бағындыра алсаңдар, енді біреулерің ауданымыздың мәдени өміріне атсалысып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздіңдер. Біз, мектеп ұжымы, әр түлегімізбен мақтана аламыз. Әрқайсыңа үлкен өмір жолында сәттілік тілейміз! Мектеп қабырғасында жүріп алған білімдеріңді дәлелдеп, алдағы үлкен сын – ҰБТ-дан жоғары балл жинаңдар! Жүрек қалауларыңа сай таңдаған мамандықтарыңа қол жеткізіңдер! Шәкірттері үлкен белесті бағындырса ұстаздар үшін одан артық бақыт жоқ. Мен түлектерге ақ жол тілеймін! Қазақстанымызды көркейтіп, гүлдендірер білімді де абыройлы азамат, азаматша атаныңдар! Сәт сапар, түлектер!
    Ізгі тілекпен: М.О.Олжабаева

    03.06.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки