Меню KDT

logo.png?_=1704964924


"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    «Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» Б. Момышұлы


    «Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.
    Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы»
    Б. Момышұлы
    Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады.
    Білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары ұлттық ойын "асық ату" бойынша челлендж өткізді.
    Челлендж міндеті: ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу.
    17.11.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки