Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан"

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы
    Қазақстан" атты мақаласына Саумалкөл қазақ орта
    мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
    Дукетбаев Руслан Сұлтанұлының пікірі

    Абайды келер ұрпақ біліп, тағылым алуы тиіс. Абай әлемдік әдебиеттің тұлғасына айналып, қазақ ұлтының болмысын жаһантануы қажет. Абай шығармаларын талдап, біраз еңбегін арнаған профессор Ғарифолла Есім Президенттің «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек» деген ойын толық қолдап отыр.
    Абай бірлік, тұтастық, ынтымақалды мен қазақтың өзінің ішінде болуы керек, содан кейін бауырымызға тартатындай биік дәрежедегі интеллектуалды халық болып қалыптасуымыз керек деген дүниені Президент өзінің мақаласында ерекше мән беріп айтқан.
    Президенттің мақаласын оқысаңыз, бар ойын бірден түсінесіз. Абайдың шығармашылығын насихаттау арқылы рухани даму керектігін жеткізді. Ал ақынның 175 жылдығын тек барып біз сол арқылы адамзатты сүйетіндей, адамзатты тойлап қоймай, одан тағылымалу керек деді. Иә, даурықпа той, мағынасыз мереке болмауы тиіс. Биыл Абайға арналған 500-ден астам шара өтеді. Жер-жерде халықаралық ғылыми конференциялар көп ұйымдастырылады. Ақынның өлеңдері 10 тілге аударылады.
    Бұл торқалы тойдың мемлекеттік, халықтық деңгейдегі маңызы өте үлкен. Жалпы бұл той не береді? Дүбірлі тойдың халыққа берер тағылымы қандай? Бұл мәселеге келетін болсақ, мемлекеттігіміздің, ұлттығымыздың, адамгершілік биігіміздің, ғылым мен білім кеңістігінде алар орнымыздың барлығында да Абайдың сөзі, мұрасы, Абай көрсеткен бағыт болу керек. Осы тұрғыдан келгенде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мақаласында Абайға арнап өткізілетін шаралардың әрқайсының маңызына тоқталып, оның ұрпаққа берер тағылымына ерекше назар аударған.
    Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, қоғам үшін қажетті не керек, соның бәрі жазылған. Адам бойындағы ақыл, қайрат яғни жүрек керек деп келтіреді. Абайдың өлеңдерінде «Талаптың мініп тұлпарын» деген өлең жолдары бар. Сондықтан жастарға талаптың керек екендігі белгілі, 21 ғасырда Қазақстан өркениетті елдердің арасында өзінің орнын алуы үшін де ғылым, білім керек.

    11.01.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки