Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    "Ботай-өркениеттің бастауы"

    24.11 күні оқушыларымыз Туған өлке тарихына саяхат жасады. Тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Дана Елеусізқызының ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті. Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың туған өлкесі жайлы білімін тереңдетіп, дамыту, жасөспірімнің бойында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және отансүйгіштік сезімін арттыру. Іс-шараға Дана Елеусізқызы өзінің "Ботай-өркениеттің бастауы" деген тақырыптағы бейнебаянын ұсынды. 6-сынып оқушысы Жанғалиева Адина " Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбындағы презентациямымен таныстырды. Бір-біріне жалғасып жатқан жұмыстар өңірдегі Ботай мәдениетіне саяхат жасап қайтуға мүмкіндік берді. Іс-шараға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің 3-курс студенті, мемлекеттік іс-тәжірибиеден өтіп жатқан болашақ маман Бердібек Камшат СҚО қасиетті мекендерінің қатарына енген " Ақ Ирий" ескі қаласы жайлы, өзінің сол қазба жұмыстарына қатысуы барысындағы қызықты мәліметтермен таныстырды. Танымдық сағаттың қызықты, пайдалы болғанын оқушыларымыздың қалдырған кері байланыстарынан байқадық.

    27.11.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки