Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Қазан айының 4-5 күндері Астана қаласында тұңғыш рет Ұстаздар күніне орай республикалық педагогтер съезі өтті. Осы съезге Айыртау ауданынан делегат болып Саумалкөл қазақ орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Султангалиева Гульжанат Талгатовна қатысып қайтты.

    Қазан айының 4-5 күндері Астана қаласында тұңғыш рет Ұстаздар күніне орай республикалық педагогтер съезі өтті. Осы съезге Айыртау ауданынан делегат болып Саумалкөл қазақ орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Султангалиева Гульжанат Талгатовна қатысып қайтты. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысынан 22 делегат съезге қатысты. Съездің мазмұндық бағдарламасы 2 күнге бөлінді. Бірінші күні делегаттар үшін Оқушылар сарайына, BINOM мектебіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, Республикалық физика-математика мектебіне экскурсиялар, сонымен қатар Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрына бару ұйымдастырылды. ҚР Оқу-ағарту министрі министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев барлық ұстаздармен бірге «Шәмші» қойылымын тамашалады. 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен мұғалімдердің республикалық съезінің пленарлық отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің педагогикалық қауымына құттықтау сөз сөйлеп, олардың жұмысының жоғары маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық мектептердегі мұғалімдер жұмысының сапалы шешілуіне байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті. Бұл педагогтердің цифрлық құзіреттілігінің артуы, көптеген елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернеттің, мектептердің заманауи құрал-жабдықтардың жоқтығы. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді аттестациялау ережелерінің жиі өзгеретініне назар аудара отырып, ұстаздың тыныш және ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуге құқығы бар екеніндігін де атап өтті. Пленарлық бөлімнен кейін ұстаздар қауымына Конгресс Холлда мерекелік концерт өткізілді. Ұстаздар екі күндік съез жұмысынан үлкен әсермен тарқасты.

    09.10.2023
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки