Меню KDT

logo.png?_=1704964924


"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Қайырлы күн, құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Саумалкөл қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымында көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайлы таныстырады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
     
    2023-2024 оқу жылын 432 оқушымен бастадық қазіргі таңда 432 оқушы білім алуда. Мектепалды сынып оқу жылының басында -19 оқушы, қазіргі таңда – 19 оқушы тәрбиеленеді.
    - "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін атқарады. 2023 – 2024 оқу жылына egov.kz, «SmartNation» порталы арқылы 1-сыныпқа 1 сәуірден 1 тамызға дейін 52 оқушының құжаттары қабылданды және 1 оқушының өтініші қағаз жүзінде. Қазіргі таңда 2024-2025 оқу жылына 1 сәуірден 31 тамызға дейін құжаттарды қабылдау басталады. 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалар қабылданады.
    Қабылдау үшін қажетті құжаттар:
    1) Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
    2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    3) «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у;
    Профилактикалық екпе картасы 065/у нысаны;
    4) 3*4 өлшемдегі 2 фотосурет.

    28.03.2024
     
    "Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметі бойынша 11 оқушы кетті, 11 оқушы қабылданды. Денсаулығына байланысты үйде білім алатын 1 оқушы. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 214 оқушы тегін тамақтанады.Уақытша отбасында тұратын оқушылар саны оқу жылының басында -11 оқушы, қазіргі таңда - 8 оқушы. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқалары» ағымдағы оқу жылында берілген жоқ.
    Осы мемлекеттік қызметтердің сапалы атқарылуы басты назарда болады. Мектеп фойесінде арнайы стенд жасалған. Ата-аналар фойеде интернет желісіне қосылған компьютермен портал арқылы өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарының қағаз нұсқасы, өтініштердің үлгілері берілген.
    Мектеп директоры М.Олжабаева
    28.03.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки